Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Жарыс Ташкент қаласында өтуде.
44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ол Мексика өкілі Дара Ширли Понсе Нуньесті 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи болды — соңғы рет құрама жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді 2006 жылы жеңіп алған.
Бұған дейін Айым Серікбаева Азия чемпионы атанып, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жүлдегері болған.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бұл турнирде тағы екі қола медаль бар.
Дерек көзі: olympic.kz