Қазақстанда кәсіби дағдыларды растау жүйесі дамып келеді. Бұл жұмысқа орналасу үшін біліктілікті ресми түрде мойындатуға мүмкіндік береді. Процедура мемлекет қолдауымен аккредиттелген орталықтарда жүргізіледі, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Қазіргі таңда елде 85 мамандықты қамтитын 16 орталық жұмыс істейді — IT саласынан бастап өнеркәсіпке дейін. Тізілімге 749 мамандық енгізілген: оның 134-і үшін растау міндетті, қалғандары үшін — ерікті.
Өтінімді Career Enbek платформасы арқылы беруге болады. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз», «Allur» және «Қазақстан Темір Жолы» сияқты ірі компаниялар базасында жаңа орталықтар ашылуда.
Жұмыссыз азаматтар үшін ваучерлер қарастырылған: 2026 жылы бұл мақсатқа 124 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаражат бағалау шығындарын өтеп, басқа өңірде оқуға қосымша қолдауды да қамтуы мүмкін.
Источник: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі