Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Степногорск қаласында ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қаланы көгалдандыру жұмыстарын күшейту.
Акцияға қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен Степногорск қаласының әкімдігі белсенді қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жаркешов Ернар Серікбайұлы арнайы қатысып, экологиялық бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Акция аясында қала аумағында шамамен 500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, болашақ ұрпаққа жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Мұндай игі шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоғамда жауапкершілік пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен жүзеге аса береді.
Источник: Степногорск қаласының әкімдігі