Қазақстанда шегірткеге қарсы күрес маусымына дайындық аясында 100-ден астам дрон пайдалану жоспарлануда, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік химиялық өңдеу үшін 46 агродрон қолданылады. Тағы 57 құрылғы зиянкестер ошақтарын мониторинг жасауға жұмылдырылып, қауіптерді жедел анықтауға және қамту аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ұшқышсыз аппараттарды қолдану әсіресе қолжетімсіз аймақтарда — дала, тау және өзен аңғарларында тиімді, мұнда жерүсті техникасын пайдалану қиын.
Салалық орталықтың мәліметінше, дрондар паркін кеңейту маусымға дайындықты күшейтіп, фитосанитарлық қауіптерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі