2026 жылдың басынан бері 22 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді кәсіби оқудан өтті, деп хабарлайды NAIZA NEWS Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Бағдарламалар бірнеше ай ішінде жаңа мамандық алуға немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Оқыту оқу орталықтарында, жұмыс орындарында және Skills Enbek порталы арқылы онлайн форматта өтеді. Қатысушылардың басым бөлігі — 21 мыңнан астам адам — қашықтан оқыту форматын таңдаған.
Сұранысқа ие мамандықтар қатарында аспаз, тігінші, бухгалтер-кассир, шаштараз және тракторшы бар. Қатысушылар саны бойынша Ақтөбе облысы мен Шымкент көш бастап тұр.
Қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады: оқу ақысы төленеді, шәкіртақы немесе жалақы беріледі, сондай-ақ жол жүру және тұру шығындары өтеледі.
Дерек көзі: Freepik