Қазақстан мен Ресей Санкт-Петербургте өткен халықаралық көлік-логистика форумында цифрлық технологиялар мен беспилотты көлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Құжат беспилотты шешімдерді енгізу бойынша бірлескен жұмысты, сондай-ақ рұқсат беру және тауарға ілеспе құжаттарды электрондық форматқа көшіруді көздейді.
Тараптар тәжірибе алмасып, бірлескен іс-шаралар өткізіп, заманауи көлік технологиялары саласында мамандар даярлауды дамытуға ниетті.
Көлік министрлігінің мәліметінше, келісім саланы цифрландыруды жеделдетуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі