Астанада AI-жобаларға арналған ұлттық alem.ai battle байқауының қорытындысы шығарылды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 830 өтінім түскен, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Финалға 20 команда өтті. Байқау мектеп оқушылары, студенттер, стартаптар мен зерттеушілерді қамтып, білім беру платформаларынан бастап медициналық технологияларға дейінгі шешімдер ұсынылды.
Стартаптар санатындағы бас жүлде (10 млн теңге) NCSpeech жобасына берілді. Басқа жеңімпаздар қатарында — SuGuard (мектеп оқушылары), Ustaz AI (студенттер, 5 млн теңге) және Robio (зерттеушілер, 7 млн теңге) бар.
Байқау alem.ai алаңында Astana Hub пен профильді министрліктің қолдауымен өтті. Ведомствоның мәліметінше, жоба AI-экожүйені дамытуға және жаңа технологиялық командаларды қолдауға бағытталған.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі