Шымкентте мемлекет, бизнес және IT-қоғамдастық өкілдерін біріктірген Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы аяқталды. Оған 6000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Алаңда 40 IT-компания мен 36 стартап таныстырылды. Іскерлік бағдарлама 54 сессия мен 150-ден астам спикерді қамтып, инвесторлар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен өтті.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан жасанды интеллект экономикалық өсімнің драйверіне айналатын модельге көшіп жатқанын атап өтті. Елде суперкомпьютерлік кластерлер, білім беру бағдарламалары және AI саласындағы заңнамалық база дамуда.
Форум қорытындысы бойынша 11 келісімге қол қойылып, 3000-нан астам әзірлеуші қатысқан Decentrathon 5.0 хакатоны іске қосылды. Сондай-ақ стартап-баттл мен Digital Qazaqstan Awards марапаттау рәсімі өтті.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі