Мемлекеттік қазынашылық комитеті бюджеттердің орындалуы аясында цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ведомство төрағасы Рахат Тоқбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылы превентивтік бақылаудың арқасында 20,6 трлн теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтардың алдын алынған. Сондай-ақ 1,16 трлн теңгеге 1500-ден астам мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, 15,4 млрд теңге үнемделген.
2026 жылы қазынашылық жүйені басқа ақпараттық платформалармен интеграциялау, оның ішінде цифрлық теңгені пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыны басқарудың жаңа архитектурасын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Цифрлық шешімдерді енгізу бюджет процестерінің ашықтығын арттырып, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қатысуын кеңейтеді деп күтілуде.
Дерек көзі: ortcom.kz