Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған ерте қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың қазан айында басталды, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жалпы сомасы 519 млрд теңгені құрайтын 3534 аграрийден тұратын пул қалыптастырылған. Оның ішінде 2936 өтінім 288 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды. Соның нәтижесінде қолдау шаралары 3 млн гектардан астам егіс алқабын қамтыды.
Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы несиелерге кепілдік беру тетігі де жұмыс істейді. Бұл құрал несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 111,5 млрд теңге болатын қарыздар бойынша 753 кепілдік берілді.
Ерте қаржыландыру ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді: жанар-жағармай сатып алуға, минералды тыңайтқыштар алуға, техниканы жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Дерек көзі: Freepik