Ауыл шаруашылығы министрлігінде егінді шегірткеден қорғауға дайындық мәселесі талқыланды

Источник: Freepik
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен аумақтық бөлімшелер өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Негізгі тақырып фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғауға дайындық болды.
-
- Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы фитосанитариялық қауіпсіздік аграрлық сектордың тұрақтылығына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.
-
- Кеңес барысында химиялық өңдеу көлемі, арнайы техниканың дайындығы, шегіртке жұмыртқаларын анықтау және қазу жұмыстарының мерзімі, сондай-ақ зиянкестердің таралуын жүйелі бақылау мәселелері талқыланды.
-
- Биыл үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізілетін болжамды аумақ 2,2 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға аз. Жұмыстарды жүргізу үшін 532 бүріккіш техника және шамамен 3 500 тексеруші маман жұмылдыру жоспарланып отыр.
-
- Сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейде жедел штабтар жұмыс істейді. Жедел әрекет ету мен іс-шараларды үйлестіру үшін call-орталық және Telegram-бот іске қосылады.