Қазақстанда салқындатылған құс етін сақтау мерзімі 20 тәулікке дейін ұзартылды

Дерек көзі: Freepik
- Қазақстандық ғалымдар салқындатылған құс етін 0±1°C температурада нитраттар мен нитриттерді қолданбай 20 тәулікке дейін сақтауға мүмкіндік беретін технология әзірледі. Шешім өнім шығынын азайтуға, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге және қосылған құнды арттыруға бағытталған.
-
- Әзірлеме НАНОЦ құрылымындағы Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының мамандары тарапынан жасалды. Технологияның негізінде сүт сарысуы мен Lactococcus lactis ssp. lactis F-116 штамының бактериоцині негізіндегі антимикробтық жабын жатыр. Биоконсерванты Pseudomonas, Salmonella және Listeria бактерияларының дамуын тежейді және Clean Label тұжырымдамасына сәйкес келеді.
-
- Технология өндірістік сынақтан өтіп, «Медеу 55» СПК-да енгізілді. Ол отандық штамдар мен шикізатты пайдалануға негізделген, бұл импорттық қоспаларға тәуелділікті азайтып, ауқымды түрде енгізу перспективаларын ашады.