Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін растады

Источник: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
- Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды. Делегация құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және квазимемлекеттік сектор өкілдері болды.
-
- Сапар аясындағы негізгі кездесу Корольдіктің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен өтті. Тараптар қазақстан-сауд әріптестігінің қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, саяси диалогқа, инвестицияларға, сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарға назар аударды.
-
- Сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және ОПЕК+ форматтары аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Аймақтық және жаһандық өзекті тақырыптар бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіруге дайындық расталды.
-
- «Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс пен араб әлеміндегі жақын әрі сенімді серіктес ретінде қарастырады», — деді Ермек Көшербаев.
-
- Сапар барысында министр Корольдіктің Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Салман Әл Саудпен, Инвестициялар министрі Фахад Әл-Саифпен және ACWA Power компаниясының басқарма төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен кездесті. Келіссөздер дәстүрлі және жаңартылатын энергетика, «жасыл» көшу және инвестиция тарту бағыттарына арналды.
-
- Сапар қорытындысында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы Үйлестіру кеңесін құру жөніндегі құжатқа қол қойылды.