Skills Enbek платформасында 15 мыңнан астам қазақстандық білім алды

Дерек көзі: Freepik
- 2026 жылдың басынан бері Skills Enbek платформасындағы онлайн-курстарды аяқтағаны туралы сертификатты 15,7 мың қазақстандық алды, оның ішінде 4,3 мыңы — жұмыссыз азаматтар. Қазіргі таңда платформада тіркелген пайдаланушылар саны 1,2 млн-нан асады, соның 24,9 мыңы — биылғы жылдың өзінде қосылғандар. Платформа жұмыс істеген бүкіл кезеңде шамамен 1,1 млн адам оқудан өткен.
-
- Оқудан өткен жұмыссыздардың үштен бірін 16–35 жас аралығындағы жастар құрайды. Білім алушылар саны ең көп өңірлер — Шымкент қаласы (1 492 адам), Қарағанды (631) және Ақтөбе (427) облыстары.
-
- Платформада 568 онлайн-курс орналастырылған, оның 385-і — тегін. Оқу ұзақтығы 2 сағаттан 72 сағатқа дейін. Сондай-ақ Fluent Education және Яндекс Қазақстан сияқты серіктестердің курстары қолжетімді. 2026 жылдың қаңтар айында ең көп сертификат «Кассир» (1 000), «Қаржылық сауаттылық» (851) және «Жеке көмекшінің кәсіби курсы» (758) бағдарламалары бойынша берілді.
-
- Skills Enbek кәсіби дағдыларды дамытуға және «өмір бойы білім алу» қағидатына бағытталған. Пайдаланушылар оқу қарқынын, тілін және материал форматтарын өз бетінше таңдай алады, оқу барысын қадағалап, курс авторларымен байланыс жасай алады. Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін сертификат Enbek.kz сайтындағы түйіндемеге автоматты түрде қосылып, өзекті бос жұмыс орындары бойынша ұсыныстармен толықтырылады.
-
- Платформа курс авторларына да мүмкіндік береді: контентті тегін орналастыру, сабақтарды құрастыруға арналған ыңғайлы құрал, аналитика және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу функциялары бар. Оқу Enbek мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.