World Justice Project деректеріне сәйкес, Қазақстан Rule of Law Index 2025 рейтингіндегі Order and Security факторы бойынша 143 елдің ішінде 42-орынға ие болды. Өткен жылы республика 43-орында тұрған, осылайша көрсеткіш бір сатыға жақсарды.
Order and Security факторы қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін, соның ішінде азаматтарды қылмыс пен зорлық-зомбылықтан қорғау деңгейін бағалайды. 2025 жылғы рейтингте Қазақстан Франция, Италия, Португалия, Грузия, Түркия, Грекия және Ресей секілді бірқатар елдерді артта қалдырды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда елде тіркелген қылмыстардың жалпы саны шамамен 19 мыңға азайған. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендегені тіркелді.
Дерек көзі: worldjusticeproject