26 қыркүйекте Көкшетауда плогинг форматындағы экологиялық акция өтіп, оған 3500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды NaizaNews.kz Көкшетау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Тазалық шарасына мектеп оқушылары мен педагогтер, колледж студенттері мен оқытушылары, кәсіпкерлер, блогерлер, қоғам белсенділері және басқа да қала тұрғындары қосылды.
«Көкшетаудың тазалығы туған қаламызға деген көзқарасымыздан басталады. Бүгін плогингке оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және басқа да көптеген тұрғын шықты. Қатысқан және жеке үлесін қосқан әр адамға алғыс айтамын. Біздің ортақ міндетіміз — қалаға қамқорлық жасауды күнделікті әдетке айналдыру», — деді Көкшетау қаласының әкімі Ануар Кумпекеев.
Плогинг дене белсенділігі мен қоқыс жинауды қатар қамтиды. Мұндай формат белсенді өмір салтын ұстануға және бір мезетте қала тазалығына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Плогинг өткізу бастамасын қала әкімі екі жыл бұрын ұсынған. Ол кезде мұндай акцияларға 100–200 адам қатысса, қазір қатысушылар саны 3500-ден асты.
Дерек көзі: Коллаж: Naiza News