Қазақстан Халық Кеңесінің 17 мүшесі Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін әскери қызметшілердің отбасыларына жалпы сомасы 815 млн теңге бағыттауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NaizaNews.kz Қазақстан Халық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайырымдылық бастамаға еліміздің әр өңіріндегі бизнес өкілдері қосылған. Кеңес Хатшылығының мәліметінше, қаражатты тікелей отбасыларға беру жоспарланып отыр.
Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Кошанов әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Президенттің тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын және қажетті көмек ұйымдастырылғанын мәлімдеген.
Дерек көзі: ortcom.kz