Астанада қалалық велопрокат маусымы 30 қыркүйекте аяқталады. 1 қазанға қараған түні сағат 00:00-де барлық велостанция бұғатталады, деп хабарлайды NaizaNews.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Станциялар бұғатталғаннан кейін велосипедті жалға алу мүмкін болмайды. CTS маусым аяқталғаннан кейін абоненттік төлемнің келесі маусымға сақталмайтынын да ескертті.
Ал пайдаланушының шотында қалған қаражат сақталып, келесі маусымға ауыстырылады.
Қаражатты қайтарғысы келетін пайдаланушылар CTS-тің Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассасына жүгіне алады.
Дерек көзі: velobike.kz