Шардара су қоймасында полиция қызметкерлері балық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, балық ресурстарын заңсыз аулау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.
Рейд барысында Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қайық пен балық аулау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаған екі азаматты анықтады.
Олардан әртүрлі балықтың 264 келісі, сондай-ақ қайық пен балық аулау торлары тәркіленді.
Аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.
Полиция су биоресурстарын заңсыз аулау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.
Дерек көзі: polisia.kz