Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауынан кейін жаңа билік органдары қандай ретпен қалыптастырылатынын түсіндірді.
Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.
Құрылтайдың құрылымы қалыптасқаннан кейін Мемлекет басшысы депутаттардың қарауына вице-президент пен Премьер-министр қызметіне кандидаттарды ұсынады.
Одан кейін депутаттармен консультациялар өткізілген соң Президент Үкімет мүшелерін, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындайды.
Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық қалыптасқаннан кейін Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.
Сонымен қатар қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесін қалыптастыру жоспарланып отыр.
Дерек көзі: Aqorda