Қазақстан құрамасы Дортмундта өткен грек-рим күресінен халықаралық Гран-при турнирінің жалпыкомандалық есебінде бірінші орын алды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 15 жүлдеге ие болды: алты алтын, төрт күміс және бес қола медаль.
Алтын жүлдені Арсен Жума 55 келіге дейінгі салмақта, Айбек Айтбеков — 60 келіге дейін, Айдос Султангали — 63 келіге дейін, Багдат Сабаз — 67 келіге дейін, Юсуф Ашрапов — 72 келіге дейін және Мерей Маулитканов — 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіп алды.
Күміс медальді Даулет Аширханов (63 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін) иеленді.
Қола жүлдегерлер қатарында Амангали Бекболатов (60 келіге дейін), Галым Кабдунасаров (63 келіге дейін), Мади Данелов (72 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін) және Диас Кален (87 келіге дейін) бар.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Дерек көзі: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті