Шымкент маңында болған жол апатынан әйел мен екі бала қаза тапты. Отбасы балаларға мектеп формасын сатып алу үшін Арыстан Шымкентке бара жатқан, деп хабарлайды NaizaNews.kz «Седьмой каналға» сілтеме жасап.
Апат салдарынан 44 жастағы әйел, оның оқу орнына енді ғана түскен қызы және ағасының 11 жастағы ұлы қаза тапқан.
Қаза тапқан баланың анасы бастапқыда ұлымен бірге бір көлікте отырған. Алайда жолда қызы жылай бастаған соң, әйел онымен бірге күйеуінің көлігіне ауысып мінген. Көп ұзамай жол апаты болған. Астанада тұратын тағы бір әпкесі де қызымен бірге жеке көлікпен олардың соңынан келе жатқан.
Қаза тапқан балалардың әжесі Злиха Исаева апаттың салдары туралы айтып, отбасы оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанын күтіп отырғанын жеткізді.
«Сөйтсек, ұлымның баласының денесі бөлшектеніп кеткен. Көлік жүргізген қыздың қолы жұлынып кеткен дейді. Өзі аман қалған. Оның қызы да сол жерде отырған. Ол орындықтың астында қалып қойған. Аяқтары сынған, қолдары сынған. Тіпті жануарды қағып кеткен адам да кешірім сұрар еді ғой. Ал мұнда ешкім жоқ», — деді Злиха Исаева.
Шымкент полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жол апатының барлық мән-жайын, соның ішінде апатқа қай көлік жүргізушісінің себеп болғанын анықтап жатыр.
Источник: Фото: «Жетінші арна» бейнежазбасынан алынған скриншот. Сапасы жасанды интеллект көмегімен жақсартылған.