«Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу», — деп атап өткен еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстан білім саласында ауқымды серпіліс жасады. Ел бойынша 22 мыңнан астам білім беру ұйымында 6 миллионға жуық балаға 600 мың ұстаз білім беріп жатыр. Соңғы үш жылда 160 мың орынға арналған 1 450 балабақша ашылды, биылдың өзінде 195 балабақша іске қосылып, жыл соңына дейін тағы 50 мың орын ашылады. 2–6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 93% асты.
Мектеп оқушылары халықаралық білім додаларында айтарлықтай табысқа жетті: жыл басынан бері 31 олимпиадада 858 медаль (167 алтын) иеленді. Президент халықаралық STEM және химия олимпиадаларында топ жарған оқушыларға арнайы құттықтау жолдады. Ерекше білім беруді қажет ететін 235 мыңнан астам балаға қолдау көрсетілуде, инклюзивті біліммен қамту — 91 мың. 508 арнайы ұйым жұмыс істейді, жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.
Қосымша білім беру де қарқынды дамуда: үш жылда ұйымдар саны екі есе өсіп, 2 142-ге жетті. Алты қалада ваучерлік қаржыландыру іске қосылды.
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы. 150 мың грант бөлініп, оның 70% техникалық бағыттарға берілді. Студенттердің шәкіртақысы екі есе өсті. 4 мыңнан астам кәсіпорын 622 колледжбен әріптестікте. 8 500+ оқу бағдарламасы бизнеспен бірге жасалды.
Соңғы үш жылда 650 мың оқушыға арналған 660 білім нысаны салынды, оның 128-і — «Келешек мектебі». Биыл 30 мектеп ашылды, жыл соңына дейін — тағы 164. 1 300 мектеп реновациядан өтеді. Ауыл мектептері кезең-кезеңімен жаңарып жатыр.
«Ұстаз» ұлттық цифрлық платформасы іске қосылды: 94 мың мұғалім аттестациядан өтуде. «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасына 600-ден астам мектеп қосылды. «1000 көшбасшы» арқылы 583 мектеп басшысы дайындалды.
Цифрландыру күшейді: барлық оқулықтар цифрлық форматқа өтті. Мектептердің 95,2% интернетпен қамтылған, шалғай ауылдарға Starlink орнатылуда. Жасанды интеллектті білім жүйесіне енгізу басталды, АІ оқулығы және зертханасы жасалды.
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы іске қосылды. Мектеп асханаларында әлеуметтік әмиян пилоты іске қосылды. Балаларды қорғау бойынша заңнама күшейді, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы дайындалып жатыр.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Елді түзету – бала оқыту ісін түзетуден басталады». Қазақстан ұлттық құндылықтарды, технология мен білімді біріктірген жаңа буынды тәрбиелеуге бағыт алды.
Дерек көзі: Скриншот