Ташкентте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Жарысқа 22 елден спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы әртүрлі жас санаттарында жеті медаль жеңіп алды.
Алтын медальді U19 санатында Алан Курмангалиев, U13 санатында Жания Бекмухамбетова жеңіп алды.
Күміс жүлдені U11 санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек иеленді.
Тағы төрт қазақстандық спортшы U11 санатында қола жүлдегер атанды. Үшінші орынға Дагир Данияров, Нуржан Бакдаулет, Медина Амандык және Нурай Жанаева көтерілді.
Источник: Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті