2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Talgo жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагоны енгізіледі, деп хабарлайды NaizaNews.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім жолаушылар тарапынан аталған қызметке сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданған. №81/82 пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды. «Нұрлы жол» вокзалынан жұп күндері сағат 23:55-те жөнеліп, Орал станциясына жұп күндері сағат 05:20-да келеді. Орал станциясынан жұп күндері сағат 09:55-те шығып, «Нұрлы жол» вокзалына тақ күндері сағат 15:04-те жетеді.
Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған.
Жаңа вагон іске қосылғаннан кейін әйелдер вагоны қызметі қолжетімді бағыттардың саны 13-ке жетеді. Қазір мұндай вагондар «Алматы-2 – Маңғыстау», «Алматы-2 – Өскемен-1», «Павлодар – Түркістан», «Маңғыстау – Семей», «Атырау – Нұрлы жол», «Алматы-1 – Ақтөбе», «Нұрлы жол – Алматы-2», «Нұрлы жол – Шымкент», «Ақтөбе – Алматы-1», «Алматы-2 – Шымкент», «Нұрлы жол – Семей», «Орал – Маңғыстау» және «Нұрлы жол – Орал» бағыттарында қатынайды.
Әйелдер вагонында ересектердің еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі, қоса алғанда, ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.
Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге әйелдер вагонын таңдағаныңызды айтып, сондай-ақ bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет.
Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес, билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге д
Дерек көзі: Қазақстан темір жолы