2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда мансап орталықтары арқылы 200,4 мың азамат жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жұмысқа орналасқандардың 75 мыңы – жастар, 81 мыңы – әйелдер. Сонымен қатар, мансап орталықтарының қызметімен 17,4 мың мүгедектігі бар азамат қамтылып, олардың 6,4 мыңы жұмысқа орналастырылды. Ал 3,8 мыңнан астамы кәсіпкерлік негіздеріне оқып, «Skills Enbek» платформасы арқылы жаңа дағдыларды меңгерді.
Министрліктің мәліметінше, ұлттық жобалар мен өңірлерді дамыту жоспарлары аясында биыл 40,4 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жылдың алғашқы жартысында олардың 8 мыңға жуығы ашылды.
Сондай-ақ жыл басынан бері 170,6 мың адам кәсіби бағдарлау қызметін пайдаланған. Ал 2029 жылға қарай елдегі сапалы жұмыс орындарының үлесін 45%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі