Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қауын өнімін жинауға кірісті, деп хабарлайды NaizaNews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
«Әл-Фараби» шаруа қожалығында бақша дақылы 20 гектар жерге егілген. Егіс алқаптары К-34 каналы арқылы суарылады. Диқан қауынның ерте әрі мол шығуына су тапшылығының болмағаны әсер еткенін айтты.
Қазіргі уақытта алқаптан 65 тонна өнім жиналған.
Шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы су үздіксіз берілгенін және бұл өнім сапасына оң әсер еткенін атап өтті.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 млрд текше метрден астам су жеткізілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына бағытталған.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі