Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Президент саммитке қатысқан мемлекет басшыларына алғыс айтып, Түркістанның бүкіл түркі әлемі үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Түркістан — түркі халықтарын біріктіретін рухани орталық, ал Хазірет Сұлтан кесенесі рухани бірлік пен тарихи сабақтастықтың символы болып қала береді.
Тоқаев Қазақстанның негізгі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттілікті нығайту екенін айтты.
«Бұл кешенді жұмыстың тұжырымдамалық негіздері Ясауидің философиялық мұрасынан бастау алады», — деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға табысталған Qoja Ahmet Yasaui орденінің бүкіл түркі әлемі үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Источник: Aqorda