Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Александров бағындағы Белгісіз жауынгер қабіріне гүл қою рәсіміне қатысты.
Салтанатты іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путинмен бірге бірқатар мемлекет басшылары қатысты.
Олардың қатарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Малайзия королі Сұлтан Ибрагим, Лаос президенті Тхонглун Сисулит және басқа да көшбасшылар болды.
Дерек көзі: Aqorda