Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды Халық бірлігі күнімен құттықтап, қоғамдағы ынтымақ, өзара құрмет пен патриотизмнің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Құттықтауда Қазақстан түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, ортақ ұлт ретінде қалыптасқаны айтылған.
Президент «Әралуандылықтағы бірлік» қағидаты елдің мемлекеттік саясаты мен қоғамдық өмірінің негізін құрайтынын еске салды.
Сондай-ақ бірлік, келісім және этносаралық үйлесім қағидаттары Конституцияда бекітілгені атап өтілді.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл құндылықтар тұрақты әрі әділетті қоғамның берік іргетасы болып табылады.
Құттықтау соңында Тоқаев қазақстандықтарға денсаулық, бақыт және амандық тіледі.
Дерек көзі: Aqorda