Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Naizanews.kz. Қазақстан ұлттық хоккей құрамасы Словения ұлттық хоккей құрамасы командасын 2:1 есебімен жеңді. Шайбаларды Дмитрий Бреус пен Роман Старченко соқты.
Азия ойындары аясында джиу-джитсудан Нуржан Батырбеков алтын жүлде жеңіп алды. Қола медальдарды Батыр Тенгизбай, Алинур Куатулы және Сейилхан Болатбек иеленді. Әйелдер құрамасы су добынан күміс, ерлер құрамасы қола жүлде алды. Ал Ришат Хайбуллин скалолазаниядан қола медаль иеленді.
Әлем кубогы кезеңі артистік жүзу барысында Алдияр Рамазанов мен Ясмина Исламова күміс жүлде алды. Қола медаль Виктор Друзин, сондай-ақ Айганым Саим мен Артур Майданов еншісінде.
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аясында Иван Иванов ядро лақтырудан қола жүлде жеңіп алды.
Триатлоннан Азия кубогы кезеңінде Рамазан Айнегов пен Алуа Нурмухамет алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Валерия Шнейдер мен Дарын Конысбаев қоржынына түсті.
Дерек көзі: Magnific.com