Қазақстан құрамасы FIRST Championship әлем чемпионатында 12 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Naizanews.kz. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан астам қатысушы жиналды.
Ел намысын 225 оқушыдан тұратын рекордтық делегация қорғады. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық командалар бірнеше санатта жоғары нәтижелер көрсетті.
Кіші санатта Алматы мен Астана командалары құндылықтар мен инженерлік модельдер үшін марапатталды.
FIRST LEGO League Challenge санатында Tolebi Daryn командасы әлемдік топ-5-ке кіріп, басты номинацияның финалисі атанды.
Ал FIRST Tech Challenge аясында қазақстандық командалар бірнеше алтын және жүлделі орындарға ие болды.
Жекелеген командалар алғаш рет топ-8-ге еніп, плей-офф кезеңінде альянс капитандары атанды. Тағы бір команда ширек финалға дейін жетіп, өз дивизионында үздіктер қатарына кірді.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі