Қазақстанда ішкі тұтынушылар үшін көмірді теміржол арқылы тасымалдауға тұрақты тарифтік шарттар қалыптастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Naizanews.kz. Бұл шара көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында қарастырылған.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр станцияларының сенімді жұмысы көмір өндіру, тасымалдау және энергетика салаларының үйлесімді дамуын талап етеді.
Негізгі міндеттердің бірі — көмір бойынша ұзақ мерзімді баланс әзірлеу. Ол өндіру, тасымалдау және тұтыну көлемдерін айқындайды.
Тұрақты тарифтерді енгізу бағаның ауытқу тәуекелдерін азайтып, электр энергиясы шығындарының болжамдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ электр станцияларындағы инфрақұрылымды жаңғырту және отынды сақтау үшін қойма қуаттарын кеңейту жоспарланған.
Күтілетін нәтижелер — энергиямен тұрақты қамтамасыз ету және энергетикалық жүйенің сенімді жұмысын күшейту.
Дерек көзі: senate.parlam.kz