2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда астық және қайта өңделген өнімдер тасымалы өсті, деп хабарлайды Naizanews.kz. Жалпы көлемі 4,1 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артты.
Экспорттық тасымалдар 3,2 млн тоннаны (+18%), ішкі тасымалдар 0,9 млн тоннаны (+8%) құрады.
Ең жоғары өсім Орталық Азия бағытында тіркелді — 48%-ға өсіп, 2,1 млн тоннаға жетті. Негізгі көлем Өзбекстанға тиесілі — 1,5 млн тонна.
Ауғанстанға тасымал 4,2 есеге артып, 302 мың тоннаға жетті.
Қытай бағыты бойынша жемдік ұн жеткізілімдері екі есеге өсіп, 1 млн тоннаны құрады.
Билік өкілдері логистиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тасымалды үйлестіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Дерек көзі: Magnific.com