Қазақстанда автожолдардың жағдайын бақылауға арналған жаңа буындағы дрон сынақтан өтті, деп хабарлайды Naizanews.kz. Тестілеу Ақмол – Воздвиженка – Талапкер тасжолында жүргізілді.
Құрылғы лидар және mmWave-радармен жабдықталған, бұл жол жабынын сканерлеп, ақауларды нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді.
Деректерді жинау толық автоматтандырылған: оператор тек аймақты белгілейді, ал дрон маршрутты өзі құрып, ұшуды дербес орындайды.
Жүйе деректерді талдау, тепловизиялық түсірілім және AR-визуализация сияқты интеллектуалды функцияларды қолдайды. Бұл технология нашар көріну мен күрделі ауа райы жағдайларында да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жоба жол қауіпсіздігін арттыру және ақауларды ерте анықтау арқылы сапаны жақсарту құралы ретінде қарастырылуда. Болашақта жүйені жол желісін кешенді диагностикалау үшін енгізу жоспарланған.
Источник: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі