Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға қатыгездік пен тиісті күтімнің болмауына қатысты жауапкершілікті күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы үй жануарлары адамдардың салғырттығынан зардап шегетін жағдайларға жол беруге болмайтынын атап өтіп, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Президенттің айтуынша, қаңғыбас жануарлар мәселесі көбіне адамдардың жауапсыз әрекетінің салдары.
Сондай-ақ ол жануарлар панажайларының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтудің маңызын айтып, бұл тақырып төңірегінде алыпсатарлыққа жол бермеуге шақырды.
Тоқаев қоғамда табиғатқа және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Дерек көзі: Aqorda