БҰҰ өкілдері Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің ұйымдастырылу деңгейіне және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Олардың айтуынша, ұсынылған бастамалар талқылауға мазмұнды әрі конструктивті сипат берді. Кездесуге қатысушылар Қазақстан көтеріп отырған бастамалардың өзектілігін атап өтіп, тұрақты даму, климат, су қауіпсіздігі және азық-түлік тұрақтылығы салаларындағы жобалар туралы ақпарат берді.
Мемлекет басшысы БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасына бейілділігін растады, сондай-ақ Алматыдағы БҰҰ-ның ТДМ жөніндегі өңірлік орталығының рөлін атап өтті.
Президент Қазақстанның БҰҰ жүйесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Источник: Aqorda