Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі өкілдерімен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар экологиялық сын-қатерлер мен оларды шешудегі халықаралық институттардың рөлін талқылады, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы делегация сапары Орталық Азиядағы мәселелерді, соның ішінде климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның тозуы және су ресурстары тапшылығын шешудегі БҰҰ-ның үлесін талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тоқаев жаһандық тұрақсыздық жағдайында үйлестірілген іс-қимылдардың маңызын айтып, Қазақстанның көпжақты дипломатия қағидаттарына адалдығын растады.
Президент сондай-ақ мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруге арналған әмбебап алаң ретінде БҰҰ-ның маңызды рөлін атап өтіп, ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайтынын білдірді.
Источник: Aqorda