Тоқаев экосаммитте тағы қандай мәселелерді көтерді

Дерек көзі: Aqorda
- Халықаралық қақтығыстар туралы: «БҰҰ Жарғысы — жоғары ас мәзірі емес, оны тек ұнаған бөліктерін таңдап қолдануға болмайды… Біз халықаралық қарулы қақтығыстарда оның қағидаттарын іріктеп қолданудан бас тартуымыз керек»
- Экологиялық көшу туралы: «Жасыл модельдерге жаһандық көшу әділ, теңгерімді және ынталандырушы болуы тиіс»
- Орталық Азиядағы экологиялық сын-қатерлер туралы: «Оң нәтижеге тек бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізе аламыз»
- Қоршаған ортаны қорғау туралы: «Жаңа Конституциямыз қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындайды»
- Шығарындыларды азайту туралы: «Қазақстан 2030 жылға қарай ЖЭК үлесін 15%-ға жеткізіп, ірі энергетикалық нысандардың шығарындыларын шамамен 35%-ға қысқартуды жоспарлап отыр»
- Биоалуантүрлілікті сақтау туралы: киік популяциясы қалпына келтірілді, қар барысының саны 190-ға жетті, соңғы бес жылда 1,5 млрд ағаш отырғызылды. «Сондай-ақ біз басқа да сирек түрлерді, оның ішінде сұңқарларды, Тұран жолбарысын және Пржевальский жылқысын қайта жерсіндірумен айналысудамыз»
- «Таза Қазақстан» қозғалысы туралы: «Бұл қозғалыс бір миллионға жуық еріктіні біріктірді. Жаңа Конституцияда еріктілер қозғалысына лайықты орын беріліп, оларды қолдау мемлекет міндетіне айналды»
- Саммит туралы: «Бүгінгі талқылаулар мазмұнды болып, нақты бірлескен бастамаларға әкелетініне сенімдімін»