Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Мемлекет басшысы өңір елдері тұрақты болашақтың ортақ көзқарасын қалыптастырудың маңызын түсінетінін айтты. Оның сөзінше, экология бүгінде тек климат мәселелерімен шектелмей, ауа мен су сапасынан бастап азық-түлік қауіпсіздігіне дейінгі негізгі салаларды қамтиды.
Президент экология адамзаттың өмір сүруінің негізі әрі планетаға жауапкершілікпен қарауға байланысты өмір салты екенін атап өтті.
Сондай-ақ Тоқаев саммитті өткізу бірлескен шешімдер әзірлеу үшін уақтылы әрі маңызды қадам екенін айтты.
Дерек көзі: Aqorda