Қазақстандық студент Ришат Мансұров муай-тайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде бірінші орын алды, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Жарыс Түркияның Кемер қаласында өтті.
Ришат Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің екінші курсында оқиды және сегіз жасынан бері муай-таймен айналысады. Халықаралық деңгейдегі бұл жеңіс оның спорттық мансабындағы кезекті маңызды кезең болды.
Турнирге әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 38 медаль жеңіп алды.
Команда қоржынында 20 алтын, 11 күміс және 7 қола жүлде бар. Бұл нәтиже құраманың турнир көшбасшыларының қатарынан көрінуіне мүмкіндік берді.
Источник: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі