Өткен аптада қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бокс құрамасы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында 13 медаль, оның ішінде 6 алтын жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. Әйелдер теннис құрамасы Канаданы 3:1 есебімен жеңіп, Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Көркем гимнастикада Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды. Спорттық гимнастикада да табысты өнер көрсетілді: Египет пен Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңдерінде қазақстандықтар бірнеше күміс және қола жүлде иеленді.
Бішкекте өткен Азия чемпионатында балуандар бір алтын және алты қола медаль жеңіп алды. Қытайдағы каратэ турнирінде құрама төрт жүлдемен төртінші орын алды.
Сондай-ақ Ереванда өткен самбодан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар 13 медаль еншіледі.
Источник: Милад Карими/Фото: ҚР ҰОК