Қазақстанда отандық тауар өндірушілер реестрінде 40 мыңнан астам тауардың қазақстандық шығу тегі расталды, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Бүгінде 26 мыңнан астам өтінім беріліп, оның 22 мыңнан астамы қаралған. Реестрге 5 834 өндіруші енгізілген, олардың қатарында толықтай отандық және өңделген өнім шығаратын кәсіпорындар бар.
Жүйе негізгі сатып алу платформаларымен біріктірілген, бұл қазақстандық тауарлардың нарыққа қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 1 053 өтінім кері қайтарылған. Негізгі себептер — өндірістік талаптарға сәйкессіздік, деректердің дұрыс болмауы және цифрлық тексеріс мәселелері.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі