Алматыда көлік ағындарын талдау және жол қозғалысын оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Тиісті меморандум Алматы қаласын дамыту орталығы, IntegraConstruction KZ және Шанхай институты арасында қол қойылды. Жобалар жолдарға түсетін жүктемені азайтуға, өткізу қабілетін арттыруға және трафикті басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
«Алматы – Шанхай» форумы аясында тараптар цифрландыру, көлік және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты да талқылады.
Алматы елдің негізгі IT-хабы болып қала береді — мұнда сала мамандарының жартысынан астамы шоғырланған. Сонымен қатар Қытаймен экономикалық байланыс күшейіп, тауар айналымы 9,5 млрд долларға жетті.
Қала туристік тартымдылығын да сақтап отыр — әрбір екінші шетелдік турист Алматыны таңдайды.
Дерек көзі: Freepik