Түркістан облысының аграршылары ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы партиясын Ресей нарығына жөнелтті, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Экспортты «Қылышбек» шаруа қожалығы жүзеге асырды.
Биыл қырыққабат 4 гектар аумақта заманауи технологияларды, соның ішінде тамшылатып суаруды қолдана отырып өсірілген. Күтілетін өнім көлемі шамамен 120 тоннаны құрайды.
Жалпы Мақтаарал ауданында көкөніс дақылдарына 1400 гектардан астам жер бөлінген, оның 1000 гектардан астамы қырыққабатқа тиесілі. Өнім ішкі нарықта да, шетелде де сұранысқа ие.
Өңірдің басты ерекшелігі — егіншіліктің жоғары тиімділігі: бір өнім жиналғаннан кейін сол алқаптарға басқа дақылдар егілетіндіктен, жылына үш ретке дейін өнім алуға мүмкіндік бар.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі