Түркістан облысында республикалық маңызы бар «Сарыағаш қаласын айналып өту» автожолының құрылысы басталды, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа бағыт транзиттік ағынды қала сыртынан өткізіп, көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға және Өзбекстанға қарай қозғалысты жеделдетуге мүмкіндік береді. Жолдың ұзындығы 102,6 шақырымды құрайды, төрт жолақты қозғалыс қарастырылған.
Жоба көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға, қауіпсіздікті күшейтуге және өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар облыста жалпы ұзындығы 99 шақырымнан асатын жолдарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қозғалысты бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу жоспарланып отыр.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі