Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселелері талқыланып, саланың негізгі міндеттері белгіленді, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Министр Айдарбек Сапаров мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында толық қадағалануды қамтамасыз етуді және цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдетуді тапсырды. Қазір елде жануарларды есепке алу және экспорт-импорт операцияларын тіркеуді қоса алғанда төрт ақпараттық жүйе жұмыс істейді.
Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерін кеңес беру үшін мобильді қосымша мен AI-чат-бот іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар барлық салалық жүйелерді біріктіретін «е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы құрылуда.
Министр фермерлер үшін интерфейстерді жеңілдету және технологияларды жедел енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл агросектордың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі