Қазақстанда өнеркәсіпке цифрлық технологияларды енгізу қарқынды түрде жалғасуда. QazIndustry орталығының өкілдері отандық IT-компаниялармен кездесулер өткізіп, жасанды интеллект негізіндегі бірлескен жобаларды іске қосуды талқылады.
Өз әзірлемелерін ARCOBO, Tems.AI, SafeSight AI, AIGINEER және Цифрлық техника және технологиялар институты ұсынды. Әңгіме өндірісті роботтандыру, бейнеаналитика, цифрлық нұсқаулықтар және процестерді нақты уақыт режимінде басқару туралы болды.
Аталған шешімдер өндірістік операцияларды автоматтандыруға, қол еңбегіне тәуелділікті азайтуға және өнім сапасының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бірқатар жобалар қазірдің өзінде қазақстандық кәсіпорындарда жүзеге асырылып жатыр.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды әзірлеуге және пилоттық жобаларды іске қосып, кейін оларды кеңінен енгізуге уағдаласты.
Дерек көзі: Freepik