Алматы қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының X халықаралық съезі өтті. Форум жұмысына АҚШ, Германия, Италия, Қытай, Түркия, Ресей, сондай-ақ Орталық Азия мен Кавказ елдерінен 1400-ден астам маман қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, онкологиялық қызметті жаңғырту және заманауи емдеу әдістерін енгізу нәтижесінде елімізде онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 14%-ға төмендеді. Сонымен қатар науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға дейін өсті.
Съезде қатерлі ісікті емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды. Олардың қатарында дербестендірілген терапия, жаңа хирургиялық әдістер, ядролық медицинаны дамыту және диагностикада жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселелері бар.
Айта кету керек, Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту аясында жаңа ПЭТ/КТ орталықтары ашылды, Астанада протондық терапия орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде сараптамалық эндоскопиялық орталықтар қызмет атқарады. Бұл ерте диагностиканың мүмкіндіктерін кеңейтіп, емдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі