Алматыда студенттік жатақханалар желісі кеңейтілуде

Дерек көзі: Алматы қаласының әкімдігі
- Алматыда студенттік жатақханалар санын арттыру жұмыстары жалғасуда. Қалада жаңа нысандардың құрылысын және студенттерге арналған инфрақұрылымды дамыту үдерісін үйлестіретін арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді.
-
- Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде мегаполистегі жоғары оқу орындарында 221 мыңнан астам студент білім алуда, олардың 145,4 мыңы — басқа өңірлерден келгендер. Қазіргі уақытта Алматыда 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Соған қарамастан шамамен 11,6 мың төсек-орын тапшылығы сақталып отыр.
-
- Мәселені шешу үшін Алматы әкімдігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жатақхана құрылысына арналған бірыңғай жобалық кеңсе құрды. Соңғы жылдары қалада жаңа нысандардың едәуір саны пайдалануға берілді.
-
- Атап айтқанда, 2023–2024 жылдары 8 273 орынға арналған 30 жатақхана ашылды: 2023 жылы 3 969 орындық 14 нысан іске қосылса, 2024 жылы тағы 4 304 орындық 16 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылы студенттік тұрғын үй қоры 4 500 орынға арналған тағы 13 жатақханамен толықты.
-
- Жатақханалар желісін кеңейту орын тапшылығын азайтып, еліміздің түрлі өңірлерінен келген студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.